Жаңалықтар

Астанадағы танымал мейрамханада адамдар уланып, қылмыстық іс қозғалды

Астанадағы танымал мейрамханада адамдар уланып, қылмыстық іс қозғалды
Фото: © Pixabay.com 04.01.2024 09:35 1073

Астанада Okadzaki тамақтану желісінің бірінде болған жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қазір Астана полициясы қажетті сараптамаларды тағайындап, сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Осыдан бір апта бұрын 37 адам, тағамнан уланып, жоспардан тыс тексеру басталған. Сушидің түр-түрін әзірлейтін Okadzaki желісі алғаш рет дауға қалып отырған жоқ. 2022 жылы да осы мейрамхана желісінің бірінде 100-ге жуық адам уланған. Кейін қылмыстық іс қозғалып, соттың шешімімен 1 миллион 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Желіге тиесілі бір нысан қызметін тоқтатқан. Ал, жаңа жыл алдында уланған 37 адамның оқиғасына қатысты нысанда санитарлық талап сақталмаған деген болжам бар.

Аталған факті бойынша Есіл аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК 304 яғни, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы Астана қаласы ПД басшылығына бақылауға алынды, - деді Астана қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлмира Шрахметова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға