Астанадағы сауда орталығында белгісіз әйел шу шығарды

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде келеңсіз оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгісіз әйел сыйлыққа берілген гүл шоғына байланысты айқай-шу көтерді. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, қызу пікірталас тудырды.
Видеода сауда орталығының ішінде әйелдің қатты айғайлап, ашуланған күйде тұрғаны көрінеді. Бейнежазбаның сипаттамасына қарағанда, оған алты қызғалдақ сыйға тартылған, ал халық арасында жұп санды гүлді тек қайғылы оқиғалармен байланыстыру әдеті бар. Осы ырым әйелдің наразылығын тудырған сияқты.
«Көктем басталды ма, әлде адамдардың шыдамы таусылды ма?», «Бәріне осылай жауап берсе, гүлдің саны маңызды болмай қалады», «Еуропада жұп санды гүл беру әдеттегі дүние, бұл бізде ғана ойдан шығарылған әдет» деп жазды желі қолданушылары.
