Жаңалықтар

Астанадағы құрылыс компаниялардың «қара тізімі» жарияланды

Астанадағы құрылыс компаниялардың «қара тізімі» жарияланды
Фото: gov.kz 18.04.2023 19:20 989

Астанада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жаңарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып табылады.

Азаматтардың қаражатын сақтау үшін Астана әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайы бойынша «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03.

Үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылыс компаниялардың тізімі сілтемеде келтірілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға