Астанадағы қоймада сақталған жиһаз бен автокөлік бөлшектері отқа оранды

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
20.04.2025 04:26
108
Астана қаласының Байқоңыр ауданында орналасқан бөлек тұрған цехта өрт шығып, Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері дереу оқиға орнына жеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізіп, өрт сөндіру оқпандарын іске қосқан. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
ТЖМ деректеріне сәйкес, өрт 30 шаршы метр аумақты қамтыған. Қойма үй-жайларында автокөлік бөлшектері, жиһаз және құрылыс материалдары жанғаны нақтыланған.
Өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда "Орталық Азия – Қытай" форматы талқыланды
Келесі жаңалық
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады