Жаңалықтар

Астанадағы ҚазҰӨУ ғимараты бассейнге айналды – Жаңа Адамдар

Астанадағы ҚазҰӨУ ғимараты бассейнге айналды – Жаңа Адамдар
Фото: Видеодан кадр 09.03.2023 13:40 1115

Жаңа Адамдар қозғалысы белсенділерінің айтуынша, қар еріп, жаңбыр жауған сайын Астанадағы ҚазҰӨУ ғимараты бассейнге айналады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төбесінен су ағып жатқан оқу орнының әкімшілігі бұл мәселені әр жерге шелек қою арқылы ғана шешіп жүрген.

«Кейде ғимаратта орналастырылған шелектердің саны ондағы музыкалық аспаптардың санынан асып түсетіндей әсер қалдырады», – дейді Жаңа Адамдар. 

ҚазҰӨУ төбесінен су ағып жатқаны жайлы ақпарат бұған дейін де БАҚ-та жарияланған мен оған университет басшылығы ешқандай амал қарастырмаған.

Алайда Жаңа Адамдар бұл жағдайға көз жұма қарамай, «Шелек шабытты құртады» флешмобын  өткізді. Олардың айтуларынша, «Шабыттың» студенттері балық немесе сүңгуір емес. Студенттер қалыпты жағдайда шығармашылықпен айналысу керек.

«Университеттің шатырынан ағып жатқан су мен залда тұрған көп шелек ҚазҰӨУ студенттері үшін үйреншікті көрініске айналды. Адамдар бұл жағдайға шыдау арқылы күнделікті нормаға айналды. Бірақ олай болмауы керек! Студенттер ыңғайлы және қауіпсіз жағдайда білім алуға құқылы. Жаңа Қазақстан дәл осындай өзгерістерден басталады. Бұл жерде жай ғана инфрақұрылымның  емес, ұлт ретінде, адам ретінде өзімізді құрметтеу мәселесі тұр», – дейді Сарсенов Әлихан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға