Жаңалықтар

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылады

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылады
Фото: Астана қалалық әкімдігі 10.07.2024 10:54 455

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Жұлдыз» айналымынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

10-15 шілде аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға