Жаңалықтар

Астанадағы өрттің себебі белгілі болды

Астанадағы өрттің себебі белгілі болды
Фото: © El.kz/Миражан МАХАН 22.06.2024 21:15 3500

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, өрттің шығуына оттың аз калориялы көзі немесе отпен жұмыс істеу себеп болған.

Еске салсақ, 2-ші қабаттан 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жануы орын алды.

Өрт сөндірушілер 12 адамды эвакуациялады, оның 7-уі бала. 2 адам құтқарылды, оның 1-уі бала. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге 20 техника мен ТЖМ-нің 91 құтқарушысы жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ,-делінген министрлік мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға