Жаңалықтар

Астанадағы өртті сөндіруге 1-2 апта уақыт керек - министр

Астанадағы өртті сөндіруге 1-2 апта уақыт керек - министр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.06.2023 18:40 572

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов астанадағы өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір жағдай тұрақты, біз өртті кеше 21:00-де ауыздықтадық. Белгілі болғандай өрт болған жерде қамыс қаулап өсіп кеткен. Дегенмен өртті толық өшіруге әлі де 1-2 апта уақыт керек. Барлығы сыртқы факторларға байланысты. Табиғи жауын-шашыннан және біздің бөлімшелердің жұмысының нәтижесінде жұмыс ерте аяқталады деп сенеміз,- деді министр.

Өрт болған алқапта жол мүлдем жоқ, құмды және батпақты жолдың әсерінен өрт сөндіру техникаларының жүріп-тұруы қиындап, өртті алауыздықтау ұзаққа созылғанын айтты. Дегенмен өрт сөндіру техникалары мен мамандардың жеткілікті болғанын атап өтті.

Қазіргі таңда өрттің шығуына байланысты көптеген факторлар бар деп қаралуда. Мүмкін біреу темекі шекті, мүмкін қоқыс бөтелкенің әсері. Кез келген нәрсе болуы мүмкін,- деді министр.

Айта кетейік, 19 маусымда Астана маңында құрғақ шөп өртенген болатын. Соның салдарынан кеше Астананы түтін басты. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барды. Өрт кешкі сағат 21-09-да өрт оқшауланып, өрттің жалпы ауданы 80 га құрады. Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жалғастырылып жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға