Жаңалықтар

Астанадағы өртті 172 адам мен 46 техника сөндіріп жатыр

Астанадағы өртті 172 адам мен 46 техника сөндіріп жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 20.06.2023 20:53 685

Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елордалық ТЖД, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарының келген өрт сөндірушілер 80 гектар аумақтағы өртті сөндіруді жалғастыруда. 

​Өрт басталғалы бері авиация 74 рет көлемі 222 тонна су төкті. Өртті сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 172 адам, 46 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.
​ ​ ​ ​ ​ ​
Өрт сөндіруді ТЖ министрі Сырым Шарипханов өз бақылауында ұстауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға