Жаңалықтар

Астанадағы мешіттердің бірінде ұрлық тіркелді

Астанадағы мешіттердің бірінде ұрлық тіркелді
Фото: Polisia.kz 10.12.2024 18:44 365

Астанада мешіттегі ұрлық әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласында мешіттердің бірінде тіркелген ұрлық фактісі бойынша полицияға шағым түсті. Жергілікті тұрғын өзінің қымбат тонының ұрланғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мұқият зерделеп, күдіктіні анықтады. «Қылмысты тоқтату» жедел-алдын алу шарасының аясында 22 жастағы азамат «Iceberg» қымбат тонын ұрлады деген күдікке ілікті. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мешітке жамағаттың кейпін жамылып, намазға жығылуға кеткен азаматтың күртесін киіп, еш қиындықсыз сыртқа шығып кеткен. Осылайша ол қала тұрғынына 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Полиция қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде күдікті қылмысын мойындап, ұрланған киімді иесіне қайтарып берді. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатыстылығы анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға