Астанадағы мешіттердің бірінде пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәресін ұшырды
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
02.09.2024 13:46
656
Сарыарқа ауданындағы мешіттердің бірінде полиция пышақ ұстаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан үсті-басы қан адамның пышақ ұстап, полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай тұрғанын байқауға болады. Оқиғаға қатысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Қолында өзі жасаған пышақ болған ер адам ұсталды. Ол 2006 жылдан бері нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрады, жасы - 36-да. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, - дейді Астана ПД.
Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Энергия тапшылығы тек қана АЭС-пен шешіліп қоймайды – депутат
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті