Жаңалықтар

Астанадағы мешітте ұрлық жасаған әйел анықталды

Астанадағы мешітте ұрлық жасаған әйел анықталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 17.07.2024 13:47 815

Астанада криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында белгілі болғандай, әйел кешкі уақытта сол жақ жағалаудағы мешітке келген. Шыға берісте аяқ киімдер сөресінде тұрған әйелдер кроссовкасына көзі түскен қаскүнем, қолайлы сәтті пайдаланып оны білдіртпей сөмкесіне салып алып кеткен. Әйелдің әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Астана қаласы полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға