Астанадағы көшеде жөндеу жұмысы: учаскелер кезең-кезеңімен жабылады

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі
23.04.2025 22:07
148
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 24 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында «Бұқар Жырау көшесін №37 көшеден (Жошы хан) Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде салу» жобасын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты көше кезең кезеңімен ішінара жабылады.
Жоба тротуарларды, көшелерді жарықтандыруды, іргелес аумақты абаттандыруды, сондай-ақ бағдаршам объектілерін орнатуды көздейді.
Жобаның аяқталуы осы жылдың соңына дейін жоспарланған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздің қай өңірінде кітапханалар саны көп
Келесі жаңалық
Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді