Астанадағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
23.12.2023 14:54
1770
Астанадағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Астана төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 23 желтоқсан күні сағат 14:00-де түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 шаршы метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Астананың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт орынында жеке құрамның 66 адамы және Астана төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында бұқаралық спорт қалай дамып жатыр?