Жаңалықтар

Астанадағы «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендері сүріле ма? Әкімдік жауап берді

Астанадағы «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендері сүріле ма? Әкімдік жауап берді
Фото: gpark.kz 21.04.2023 18:00 1208

Астана әкімдігі G-park мердігер компаниясы заңсыз тұрғызып жатқан, кейін сот үкімімен сүріле бастаған «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендеріне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

«Дублин» тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Ш.Айтматов пен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысындағы жер алдын ала анықталып, жылу трассасының құрылысына бөлінген.

Осыған байланысты бұл учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Орнатылған қадалар демонтаждалып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады. Құрылыс компаниясымен шарт жасаған азаматтардың мүдделері сақталып, әркім өз пәтерлерін алатын болады», - деп жазды қалалық әкімдіктен.

Ондағы мәліметке қарағанда, «Вашингтон» тұрғын үйі бойынша құрылыс компаниясына жіберілген ақауларды жойып, барлық қажетті рұқсат құжаттарын ресімдеу тапсырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға