Жаңалықтар

Астанадағы бейнекамералар саны 207 мыңға жетті

Астанадағы бейнекамералар саны 207 мыңға жетті
Фото: Polisia.kz 25.03.2025 14:28 375

Бейнекамералар экологиялық жағдайды бақылауға көмектеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде бейнекамералар санының артып келе жатқандығы байқалады. Бұл технологиялар түрлі құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, заң бұзушылармен күресте көмектеседі. 

2025 жылдың екі айында республика бойынша полицейлер табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 6931 дерегін анықтады. 6813 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласы бойынша осындай 15 құқық бұзушылық анықталды. 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Елордадағы камералар санының өсуін ерекше атап кеткен жөн. Бүгінгі таңда Астанада 207 мың бейнекамера жұмыс істейді, оның 36 мыңы жедел басқару орталығына қосылған. Қаладағы жалпы камералардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға көп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға