Астанадағы «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салынды
Фото: halyq-uni.kz
Фото: halyq-uni.kz
04.01.2023 17:26
1645
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ауа райының күрт өзгеруіне, мұздың еруіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына Алматы ауданы Ақбұлақ өзенінің «Барыс» спорт кешенінің бойындағы («Қазақстан» спорт кешенінің жанында) су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша коньки тебуге тыйым салынатынын ескертеді. Азаматтардан төтенше оқиғаларды болдырмау мақсатында ескертулерді тыңдауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар! — делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды