Жаңалықтар

Астанадағы автобус апаты: төрт жолаушыға ота жасалды

Астанадағы автобус апаты: төрт жолаушыға ота жасалды
Фото: Видеодан кадр 22.02.2025 17:58 562

Астанадағы автобустың қатысуымен болған апаттан кейін төрт жолаушыға ота жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 21 ақпанда автобус бағанға соғылған соң №1 қлалық көпбейінді ауруханаға 15 адам жеткізілген. 8 адам үйіне қайтарылып, 7 адам ауруханаға жатқызылыпты. Оның 4-не ота жасалған. 

Ал жүргізушінің жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды. 

Еске салайық, жол апаты 21 ақпанда болған. Бараев көшесінде 25 жолаушысы бар автобус бағанға соғылған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға