Жаңалықтар

Астанадағы ақылы автотұрақтар тексеріледі

Астанадағы ақылы автотұрақтар тексеріледі
Фото: El.kz 14.04.2023 10:28 1081

Бұл туралы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жиынға орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және ведомство басшылары қатысты.

Қатысушыларға «Астана қаласының ақылы автотұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы туралы ақпарат берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін елорда әкімдігі 2018 жылы «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясымен МЖӘ келісімшартына отырған.

«Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға аталған келісімшартты республика заңнамасының нормаларын сақтау, оның ішінде монополияға қарсы реттеу тұрғысынан талдау тапсырылды», – делінген мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға