Жаңалықтар

Астанада пластикалық ота жасайтын клиника жұмыс істейді

Жақ-бет пластикалық хирургиясы мен стоматология клиникасы шаһар тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп отыр.
29.09.2015 07:52 5240

Елордада осыдан үш жыл бұрын ашылған Жақ-бет пластикалық хирургиясы мен стоматология клиникасы шаһар тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп отыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы арзандатылған несие алып, қымбат қондырғы орнату арқылы клиникада науқастарға түрлі деңгейдегі оталар жасалады.

Қала тұрғындарына қызметтің алуан түрін ұсынатын медициналық мекеменің жетістіктері баршылық. Клиника мамандарының айтуынша, Астана қаласының тұрғындарын айтпағанда еліміздің солтүстік өңірлерінен ем іздеп келушілердің қатары көп.

Астанада пластикалық ота жасайтын клиника жұмыс істейді

Астанада пластикалық ота жасайтын клиника жұмыс істейді

«Осыдан үш жыл бұрын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы Финляндиядан қымбат аппарат алдық. Медициналық құрал-жабдықтың құны – 33 мың доллар. Несиені жеті жылға алдық. Бұл мемлекет тарапынан бізге жасалған үлкен көмек, өйткені медицина саласындағы қондырғылар өте қымбат. Өз күшімізбен сатып ала алмайыз», – дейді жақ-бет пластикалық хирургиясы мен стоматология клиникасының хирургі, «Астана медициналық университеті» АҚ жақ-бет хирургиясы және стоматология кафедрасының профессоры Хасан Сағындық.

Қазіргі күні клиникада жақ-бет аумағының іріңді ісіктері, қатері жоқ ісіктерді хирургиялық жолмен алып тастау, туа біткен ақауларды, жақ-бет сүйегінің жарақаттары мен қабынбалы ауруларды емдеу, құлақ, ерін мен тіл  пластикасы бойынша көптеген оталар жасалады.

Астанада пластикалық ота жасайтын клиника жұмыс істейді

Клиниканың директоры, хирург Хасан Сағындықтың айтуынша, медициналық мекеме үш жылда 1000-нан аса науқасты қабылдаған.  Олардың 15 пайызы бет-жақсүйегіне күрделі пластикалық операцияларды жасатыпты. Клиникаға кеңес сұрап келетіндер көп. Медициналық орталықтың кеңесшілері еліміздің жетекші ғалымдары. Мұнда жақ-беттің барлық операциялары жасалады. Ең бастысысы, клиника көрсететін қызмет түрлері халық үшін қолжетімді. Шетелмен салыстырғанда бірнеше есе арзан.  

Мұндағы мамандардың пікірінше, бүгінгі таңда жақ-бет пластикалық хирургиясы мен стоматология клиникасының қызметтеріне сұраныс үлкен.  Сондықтан, орталықта көрсетілетін қызметтерді кеңейтіп, сапасын жақсарту көзделген.

Қазіргі күні клиника қарқынды дамып, қала тұрғындарына сондай-ақ диагностика саласы, көзді терапиялық, хирургиялық және лазерлік емдеу, көз микрохирургиясы салаларында, сонымен қатар стоматологиялық қызметтің толық түрін сапалы түрде көрсетіп отыр.

Астанада пластикалық ота жасайтын клиника жұмыс істейді

Медициналық орталықта ота жасауға арнайы мамандандырылған құрал-жабдықтардың барлық негізгі түрлері бар, аталған құрал-жабдықта аурудың күрделілігіне байланысты күніне 1-ден 15-ке дейінгі оталар жасалады.

Клиника басшылығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы тағы да медициналық қондырғылар алып, қызмет түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Клиника Астана медициналық университетімен келісімге қол қойған. Клиника базасында жас мамандарды оқыту жүзеге асырылады.

Астанада пластикалық ота жасайтын клиника жұмыс істейді

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыттарын жүзеге асыруға 2015 жылы Астана қаласында республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінген.

Бағдарламаның 1-ші бағыты яғни «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бойынша аймақтық үйлестіру кеңесімен Астана қаласында несиенің жалпы құны 69,71 млрд. теңгені құрайтын барлығы 433 өтініш мақұлданған. Соның ішінде 2015 жылы 11,5 млрд. теңгені құрайтын 55 өтініш оң шешімге ие болған. «БЖК 2020» бағдарламасының жүзеге асырыла бастаған сәтінен бастап 6,04 млрд. теңгедей субсидия төленді.

Бағдарламаның үшінші бағыты – «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» бойынша аймақтық үйлестіру кеңесімен несиенің жалпы құны 76,91 млрд. теңгені құрайтын барлығы 6 өтініш оң шешімге ие болды. «БЖК 2020» бағдарламасының жүзеге асырыла бастаған сәтінен бастап үшінші бағыт бойынша нақты 6,76 млрд. теңгедей субсидия төленді.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға