Жаңалықтар

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Отандық тауарлардың жәрмеңкесі өтті.
07.12.2015 04:41 9999

Елордадағы Astana mall сауда ойын-сауық орталығында «Қазақстанда жасалған» маркасы бар отандық тауарлардың жәрмеңкесі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер тауарларын халық назарына ұсынды.

Екі күнге жалғасқан жәрмеңкеде тұтынушы назарына отандық тауарлардың сан алуан түрлері ұсынылды. Тұрмысқа қажетті тазалық құралынан бастап, киім-кешек, былғары тондар, былғары аяқ киімдер, киіз өнімдері, ерлерге арналған костюмдер, электронды кітаптар сондай-ақ алғаш рет елордадағы «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аумағы индустриялдық паркінде бой көтерген «KazTexExpo» сауда-өндірістік кешенінің тауарлары сатылымға қойылды.

 Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

«ПИК АСТАНА Ютария ltd» ЖШС-нің ашылу салтанаты желтоқсан айының 16-на жоспарланғанын біз бұған дейін де жазған болатынбыз. Кәсіпорын ұсынған отандық тауарлардың бағасы қолжетіміділігімен халықтың көңілінен шықты. Таза экологиялық матадан жасалған сүлгілердің бағасы 250 теңгеден басталса, ас үйге арналып тігілген мата дастархандар екі мың теңгеге саудаланды. Өндірушілер сатып алушыларға акция жариялап, сыйлық та даярлапты.

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті    

Бұл күні отандық «Алтын адам» тігін фабрикасының костюмдері де басты назарда болды. Бағасы 20 000 теңгеден басталатын ерлер костюмінің сапасы шетелдік маркамен өндірілген костюмдерден еш кем емес. Бүгінгі таңда «Алтын Адам» тігін фабрикасы еліміздегі ерлер мен әйелдерге арналған классикалық   костюмдер тігетін жалғыз кәсіпорын екенін айта кеткеніміз дұрыс. Фабрика күніне 400 костюм тігуге қауқарлы. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы Түркия, Жапония, Қытай секілді алпауыт елдерден құрал-жабдықтар сатып алған.

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті    

«Жамал-ай» сауда маркасымен өндірілген таза былғарыдан тігілген аяқ киімдер Ақтау қаласында өндіріледі екен. 15 жылдан астам уақыт «Жамал-ай» АҚ жоғары сапалы аяқ киімдер өндіруде. Қазіргі заманға сай дизайнмен жасалған былғары аяқ киімдер сапа стандарттарына толықтай жауап береді. Бағасы да қол жетімді. Өндірушілер «Sharkey» деп атаған аяқ киімдер ерлер мен әйелдерге арнап тігіпті. Бағасы 12 000 теңге.

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті    

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Айгүл Жансерікова, «Aigul Line» ЖШС директоры

Бүгінгі жәрмеңкеге киізден жасалған өнімдер алып келдік. Жалпы киіз басу өнерін 2002 жылы қолға алдым. Осынау ұмыт болып бара жатқан ұлттық өнерімізді неге жаңғыртпасқа деген оймен 2004 жылы шағын шеберханамызды аштық. 2011 жылы «Aigul Line» ЖШС патенттеп, компания ретінде құрылды. Тек қана Қазақстанда емес, шет елдерде де өнімдерімізді сатамыз. Біз өндірген тауарлармызыдың тең жартысы шет мемлекеттерде сатылады десем артық айтқандық емес. Біздің өнімдерге қызығушылық білдірген шет елдерден келген қонақтар, туристер болды. Өзім де жиі шығып тұрамын, киізге деген қызығушылық басым. Бүгінгі таңда өз еліміздің тұрғындары да киіз өнімдерге сұранысты арттыруда. Неге десеңіз, денеге қонымды, экологиялық таза өнім екенін, денсаулыққа пайдалы екенін түсініп, сатып алуда. Бізде әртүрлі тауарлар бар. Сән үлгілері бар, жібек қосылған көйлектер бар. Қарапайым күнделікті қолданысқа арналған аяқ киімдер, кеудешелер, көрпешелер, жастықшалар, сырмақ, текеметтер, аксессуарлар, бас киімдер өте жақсы сұранысқа ие.

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті    

«Adili» маркасымен өндірілген тауарлар қазақстандық бренд саналады. Кәсіпорын қазақша орнаменттермен көмкерілген түрлі аксессуарлар өндіреді. Әсел Әділ есімді дизайнер қазақ қызының қиялынан туған өнімдер.

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті    

Жәрмеңке барысында халықтың қызығушылығын оятқан «Baltekstil» компаниясы өндірген кілемдер болды. Кәсіпорын 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған. Бүгінгі таңда кәсіпорын жылына 5 млн шаршы метр өнім өндіріп, 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақстан бойынша 400 астам дистрибьюторлар жұмыс істейді. «Бал Текстиль» осы күнге дейін 500 астам дизайндағы түрлі кілемдер мен кілемшелер өндіріпті. Жәрмеңкеде кілемдердің бағасы 8000 мыңнан басталды.

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге қойылған өзге де тауарлар:

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Астанада отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген автор

 

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға