Жаңалықтар

Астанада медиа форум өтуде

Бейбітшілік пен келісім мәдениеті
13.11.2015 08:14 6012

Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» ІІ Халықаралық медиа форумы өткізілуде. Форум аясында БАҚ-ты дамытудың өзекті мәселелері бойынша отандық және шетелдік спикерлердің шеберлік сабақтары топтастырылған панельдік сессиялар өтті.

Форум этномәдени бірлестіктер БАҚ-тарының көрмесі мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» фото көрмесімен ашылды. Бүгін «ҚХА 20 жыл – Бір ел – бір тағдыр» жинағының таныстырылымы өтті.

Астанада медиа форум өтуде

Астанада медиа форум өтуде

БАҚ журналистеріне арналған панельдік сессия «Қоғамдық келісім мәнмәтініндегі медиамәдениет» тақырыбына арналды. Сессияның модераторы – «Айқын» газетінің Директор-Бас редакторы Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне тоқталды.

Астанада медиа форум өтуде

– Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдық тәуелсіздік тарихында оның ішінде 20 жыл уақыт аралығында ҚХА құрылуы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде үлкен орын алатын саяси құбылыс деп айтуға болады, - деді Нұртөре Байтілесұлы. – Бұл – Қазақстан халқын біріктіруші, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ деген үлкен саясатты ұстанған қоғамдық құрылым.  Ассамблеяның мүшелері Қазақстан халқының туыстығын, мемлекеттік мүдделерде елдік бағытта жұмыс істеуде ерекше үлес қосқандығын да айту керек. Қоғамдық келісім мен қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға осы Ассамблея мүшелерінің сіңірген еңбегі зор. Соның ішіндегі медиамәдениет яғни БАҚ-ғы мәдениет, туыстық мәдениет, этностық мәдениет, бауырластық мәдениет деген әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе. Бізде бір ұлттың бір ұлтқа көз алартуы деген жоқ. 17 млн астам халық бір шаңырақ  астында бір үйдің баласындай тату өмір сүруде. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының жемісі.

Астанада медиа форум өтуде

Атсалим Идигов, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, ҚХА мүшесі

Медиамәдениет туралы айтар болсақ, көбінесе мәдениет деген ұғымға акцент жасаймыз. Мәдениетке келер болсақ, оны рухани құндылықпен үндестіреміз. Оған туған тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарих, ұлттық ерекшеліктер жатады. Ал, медиамәдениеттің аясы өте кең, ауқымды, терең ұғым. Медиамәдениет дегеніміз – адамзат тарихындағы ғасырлар бойы қалыптасқан ақпараттық коммникативтік құралдардың жиынтығы. Ол интеллектуалдық және материалдық құндылықтардың комплексі. Медиамәдениеттің бірінші функциясы – ақпараттық, екншісі коммуникативтік, келесісі идеологиялық,  жарнамалық, ойын-сауықтық, креативті және интеграциялық деп бөлінеді. Осы аталған ұғымдар бүгінгі медиамәдениеттің функциялары болып табылады. Ал, енді осының ішінде этно журналистиканың ерекшелігі мен бағыты қандай? Этно журналистика – белгілі бір этностық ұлттың тілінде шығатын БАҚ құралдарын айтамыз. Ондағы мақсат – халықты біріктіру, достыққа, татулыққа үндеу.

Астанада медиа форум өтуде

Түстен кейін  медиа форумның жалғасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Майлыбаев Бағлан, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әшімбаев Мәулен, «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Чжоу Лян, «Аль-Арабия» телеарнасының жүргізушісі Басель Хадж Джассем сынды мәртебелі меймандар қатысқан пленарлық отырысқа ұласты.

Астанада медиа форум өтуде


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттердің авторы Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ  

         

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға