Жаңалықтар

Астанада Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы аталып өтті

Мәлік Ғабдуллин – қазақ әдебиетін, педагогикасын ғылыми тұрғыда зерттеу саласында көп еңбек етіп, өркендеуіне елеулі үлес қосқан, қазақтың көрнекті жазушысы, педагог-ғалымы.
24.11.2015 08:50 6777

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Кеңес Одағының батыры, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, әдебиет зерттеуші Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Астанада Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы аталып өтті

Мәлік Ғабдуллин – қазақ әдебиетін, педагогикасын ғылыми тұрғыда зерттеу саласында көп еңбек етіп, өркендеуіне елеулі үлес қосқан, қазақтың көрнекті жазушысы, педагог-ғалымы.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен аса жоғары жауынгерлік ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған жазушы қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып соғыс жанрындағы шығармалар жазды. Оның «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» атты кітаптарына енген әңгіме, очерктері майдан өмірі, жауынгер тұлғасы, кеңес үкіметінің адамдарының соғыс кезіндегі қаһармандық бейнесі суреттеліп, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар болып табылады.

Астанада Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы аталып өтті

Аталған шара барысында ғылыми-практикалық конференция, кітап көрмесі және салтанатты концерт өткілді. Ғылыми-практикалық конференцияда Мәлік Ғабдуллиннің мұрасын зерттеуші педагог-ғалымдар: Сейіт Қасқабасов, Серік Негимов, Серікқазы Қорабаев, Еркін Рахымбаев секілді білім ордаларының ғалымдары мен профессорлары және мерейтой иесінің келіні Мариям Кенжеахмет қатысып, Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасады.

Астанада Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы аталып өтті

Іс-шара барысында Мәлік Ғабдуллиннің жеке заттары қойылған көрме өткізілді. Қолданған көзілдірігі мен қаламдары, жеке күнделігі, өз қолынан шыққан туындылары көрермендер назарына ұсынылды.

Астанада Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы аталып өтті

Кеш еліміздің эстрада жұлдыздары қатысқан концертпен аяқталды. Көрермендер алдында Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов, «VoiceKZ», Айша Байбосынова өнер көрсетті.

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылдың 15 қарашасында Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қойсалған ауылында дүниеге келді. Кұлет ауылындағы бастауыш мектеп пен Көкшетау қаласындағы коммуна мектебін тәмамдап, Қазақ педагогика институтының филология факультетінің студенті атанды. Кейін «Пионер» газеті редакторының орынабасары, «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері ретінде жұмыс атқарды. 1938-1941 жылдары Мәлік Ғабдуллин Қазақ педагогика институтының аспирантурасында білім алды.

Ал 1941 жылдың 15 шілдесінде өз еркімен майданға аттанды. Генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясының 1075-полкына саяси-жетекші болып тағайындалды. Соғыс барысындағы көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», «Қызыл Ту», Ленин, «І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «Москваны қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдерімен марапатталды. Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста көрсеткен ерліктері үшін М. Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан соң, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында директор қызметін атқарды, бірнеше рет қатарынан КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1947 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен «Қобыланды батыр жырын ғылымдық зерттеудің мәселелері» атты диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты, кейіннен доцент, профессор атақтарына ие болды. 


Айша Ахмет

Фото Арман Қалибекұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға