Жаңалықтар

Астанада халықаралық суретшілер биенналесі өтіп жатыр

Астана күні
04.07.2016 12:04 4719

Астана күнінің қарсаңында Нұржол бульвары мен Есіл өзенінің жағалауында әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілер жиналды. Олар ашық аспан астында қаланың суретін салып, Елорда қонақтары мен тұрғындарына өз өнерін көрсетуде.

 Астанада халықаралық суретшілер биенналесі өтіп жатыр

Астанада халықаралық суретшілер биенналесі өтіп жатыр

Жұбаниязов Өмірбек, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі:

— Бүгінгі іс-шараға Қазақстаннан жиырма, шет елден он суретші қатысуда. Барлығына ортақ тақырып ол — Астана. Осы уақытқа дейін сурет өнеріне көп көңіл бөлінді деп мен айта алмаймын, дегенмен бүгінгі биенналь алдағы уақытта да жалғасын табады деген деген ойдамын. Өйткені осындай жиындарда суретшілер халыққа өз өнерін көрсетеді, тәжірибе алмасады, кәсіби тұрғыда шыңдала түседі.  

Астанада халықаралық суретшілер биенналесі өтіп жатыр

Халықаралық биеннальға Франция, Ресей, Италия, Әзірбайжан елінен танымал суретшілер келді.

Астанада халықаралық суретшілер биенналесі өтіп жатыр

Семенков Николай, РФ Сочи қаласының суретшісі:

— Астанаға менің бұл екінші рет келуім. Өте әдемі, таза қала. Сочиден басты айырмашылығы — Астананың тұрғындары өте мәдениетті екен. Бұл биенналь өтетінін естіп, бір апта бұрын  келіп Бурабайға барып қайттым. Табиғаты өте керемет. Мұндай сұлулықты көрген уақытта кез-келген адам шабыттанатыны сөзсіз. Маған қазақстандық жас суретшілер ерекше ұнады. Сіздердің елдеріңізде талантты суретшілер өте көп екен. Осындай талантты адамдары бар елге шексіз бақыт, бейбітшілік және береке тілеймін. Туған күніңмен, Астана!

Астанада халықаралық суретшілер биенналесі өтіп жатыр

Алиев Рафаэль, Әзірбайжан елінің суретшісі:

— Мен суретшілердің отбасында дүниеге келдім. Бала күнімнен өнер адамдарының арасында өскендіктен, мен де ата-анамның ізін жалғауды ұйғардым. Астанаға бірінші рет келуім. Шынымды айтсам, мұншалықты әдемі қала деп ойламаған едім. Әсіресе, зәулім ғимараттар маған өте ұнады. Әзірбайжан суретшілерінің атынан келу мен үшін үлкен бақыт. Осы биенналені ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін!

Астанада халықаралық суретшілер биенналесі өтіп жатыр

Моня Фераццо, Италия елінің суретшісі:

— Астанаға мен Венеция арнайы келдім. Бұл екі қаланы салыстыруға келмейді. Астана мен үшін «жаңа ғасыр қаласы» іспеттес. Суретшілерді құрметтеп, олардың өнерін бағалаған ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіргім келеді. Болашақта қазақстандық суретшілер Италия елінде өтетін осында биеннальдарға қатысса екен деген тілегім бар.

 Астанада халықаралық суретшілер биенналесі өтіп жатыр

Аталған шара Елорда күні, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық аясында өтеді. Биеналле қала әкімдігінің қолдауымен Қазақстан суретшілер одағымен және Астананың суретшілер одағымен ұйымдастырылып отыр.


Рустем ӘЛПИ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға