Жаңалықтар

Астанада батпырауықтар фестивалі қалай өтті?

Астана күні
07.07.2016 08:40 5350

Астана күніне орай Есіл өзенінің жағасында әуе жыландары қалықтап тұрды. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған әуе жыландары фестивалі осы жолы «Астана аспаны» деп аталды.

Астанада батпырауықтар фестивалі  қалай өтті?

Шараға Франция, Германия, Испания, Нидерланды және Ресейден келген 70 жуық адам қатысуда. Елорда тұрғындары мен қонақтарын 5 және 6 шілдеде сағат 12-ден кешкі 8-ге дейін шараны тамашалап қана қоймай, қатысуға да мүмкіндік алды.

Астанада батпырауықтар фестивалі  қалай өтті?

Уордни Куэй, АҚШ-нан келген қатысушы:

— Мұндай фестивальдар біздің елде өте жиі ұйымдастырылып тұрады. Мені Астанаға шақырғанда мұншалықты әдемі қалаға келемін деп ойламаған едім. Астана болашақта әлемнің ең әдемі қалаларының біріне айналатынына мен сенімдімін! Қала күнімен баршаңызды құттықтаймын!

 Астанада батпырауықтар фестивалі  қалай өтті?

«Шетелдік дизайнерлер елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әдемі әуе жыландарын ұсынды.  Кішкентай бүлдіршіндер қиялдарындағы кейіпкерлерін шынайы өмірде көріп, оларды қолдарына ұстап, ұшырып мәз-мейрам болды.

Астанада батпырауықтар фестивалі  қалай өтті?

Сергей Грибовский, Санкт-Петербург «әуе жыландары» клубының басшысы:

— Біздің клуб осындай фестивальдар соңында Марсель, Польша, Малайзия, Тайландқа барып қайтты. Енді міне жолымыз Астанаға да түсті. Бұл қаланың тұрғындары өте бақытты деп есептеймін. Неге десеңіз, қазіргі сәтті жиналған адамдар, бұл осы саланың ең үздік дизайнерлері. Сонықтан олар өз жұмыстарына лайықты баға алады деп ойлаймын. Айта кететін жайт, шара өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуда. Осы үшін ұйымдастырушыларға өз алғысымды жеткізгім келеді.

Астанада батпырауықтар фестивалі  қалай өтті?

Кішкентай астаналықтар үшін шара барысында шеберлік дәрістері ұйымдастырылып, әуе жыландарын жасау және ұшыру жолдары көрсетілді. Екі күнге жалғасқан фестиваль бағдарламасында елордалық «Американо» лайв-бенд, «Высокие братья & TallBrothers» мәскеулік көше театры, «Павана» Нидерланды театрының труппасы, сондай-ақ, диджейлер өнер көрсетті.

Астанада батпырауықтар фестивалі  қалай өтті?

 Балаевтар отбасы, фестивальға қатысушылар:

— Біз фестивальға екінші күн қатарынан қатысып отырмыз. Балалармен таза ауада дем алып, өзен жағасында балалар жүгіріп ойнап, бір серпіліп қалдық. Фестиваль өте қызықты өтуде. Осындай іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.


Рустем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға