Жаңалықтар

Астанада балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Бейбітшілік және келісім сарайы
13.07.2016 11:07 4393

Астанада балауыз мүсіндер көрмесі ашылды«Бейбітшілік және келісім сарайында» отандық және Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылды.

Астанада балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Ресейдің мәдени ошағы саналатын Санкт-Петербург қаласынан келген қолөнершілердің туындылары адамзат тарихынан ерекше орын алған тұлғалар мен белгілі әртістер және кинотуындылардың кейіпкерлеріне арналады.

Астанада балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Көрмеге жалпы саны қырыққа жуық жұмыс қойылды. Олардың ішінде  Минотавр Свинкс, «Звездные войны», «Властелин колец», «Гарри Поттер» «Пираты карибского моря» секілді атақты фильмдер мен аңыз кейіпкерлері бар.

Астанада балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Путилина Раиса, ұйымдастырушы:

— Бір мүсінді жасау үшін алты айдан, бір жылға дейін уақыт кетеді. Біз осыған дейін Еуропаның бірнеше қалаларында көрме өткізген болатынбыз. Көрермендерге әсіресе Гитлердің мүсіні өте ұнайды. Мүсіндердің барлығы балауыздан жасалған, ал шаштары шынайы адамның шашы. Бір адамның мүсінін жасау үшін 18 адам қызмет етеді. Мысалы: мүсіннің тістерін жасау барысында біз арнайы тіс дәрігерлерінің көмегіне жүгінеміз. Барлық туындылар адамның шынайы өмірдегі бейнесіне, тұлғасына сай келеді. Алайда, өздеріңіз көріп отырғандай мүсіндер адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерін көрсетеді. Мысалы: В.Путиннің бұл жерде жас кезі бейнеленген.   

Астанада балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Сондай-ақ, көрмеде Қазақ ханы — Абылай ханның, Елбасы — Нұрсылтан Назарбаевтың, В.Путин, Б.Обама секілді белгілі саясаткерлердің мүсіні қойылған.

Астанада балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Көрме 21 тамызға сағат 10:00 ден кеші 20:00-ге дейін ашық болады.  


Рустем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға