Жаңалықтар

Астанада 30-ға жуық көшеге қазақ зиялыларының есімі беріледі

Астанада 30-ға жуық көшеге қазақ зиялыларының есімі беріледі
12.07.2022 08:51 1816

Елордадағы 30-дан астам көше мен 3 аллеяға танымал қазақ тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық мәсли­хаттың ашық талқылауға шығарылған жаңа қаулысында айтылды, деп хабарлайды EL.KZ.

Алматы ауданында орналасқан А24 көшесі – Орал Мұхамеджанов, А62 көшесі – Сафуан Шаймерденов, Нұрлы жол көшесінің №37 үйден № 26 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Бозоқ, Мұстафа Шоқай көшесінің №2 үйден №10 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Ботай көшесі деп аталады. 

Есіл ауданының аумағындағы № 202 көшесіне – Нұркен Әбдіров, Е103 көшесіне – Олжабай батыр, Е111 көшесіне – Шерхан Мұртаза, Е324 көшесіне – Дүкенбай Досжан, Е325 көшесіне – Еркеғали Рахмадиев, Е582 көшесіне – Бертіс би, Е607 көшесіне – Құман Тастанбеков, Е608 көшесіне – Шолпан Жандарбекова, Е757 көшесіне – Ақселеу Сейдімбек, Е890 көшесіне – Ермұхан Бекмаханов, Е898 көшесіне – Тұрсынбек Кәкішев атауы беріледі. 

Сарыарқа ауданына қарасты №20-40 көшеге – Сәбит Мұқанов есімі беріледі.

Қаулы жобасы бойынша Дина Нұрпейісованың ескерткіші жанында орналасқан аллеяға – «Қазақ елінің күйшілері мен күйші-композиторлары аллеясы» деген атау берілмек. 

Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында орналасқан аллеяны – «Нәзір Төреқұлов атындағы дипломаттар аллеясы» деп атау ұсынылып отыр. Көшелер мен аллеяларға атау беру туралы мәслихат қаулысы 10 күннен соң күшіне енеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға