Жаңалықтар

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде

«ҚазМедиа орталығында» бұқаралық ақпарат құралдарының IV республикалық «MEDIA EXPO-2017» көрмесі ашылды.
30.09.2015 12:10 3783

Бүгін «ҚазМедиа орталығында» бұқаралық ақпарат құралдарының IV республикалық «MEDIA EXPO-2015» көрмесі ашылды. Көрмеге мемлекеттік жəне коммерциялық телеарналар, баспалар мен жарнама нарығының үздіктері, сондай-ақ коммуникация жəне маркетинг саласының мамандары қатысуда.

Биылғы көрменің ерекшелігі – көрмеге алғаш рет продакшн компаниялар мен студиялар да қатысуда. Телеарналарды отандық өнімдермен қамтамасыз етуге атсалысып жүрген «Көркем фильм» және «VideoArt» секілді продакшн компаниялар келген.

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде

Көрмені Инвестициялар және даму министрлігі мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

 Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Өмір деген зулап өтіп жатыр. Уақыт өзгерісі бірінші кезекте БАҚ саласына әсер етпеуі мүмкін емес. Жыл сайын жаңа технологиялар өмірге келіп,   ғаламдану кезеңі іске асуда. Заман өзгерісі БАҚ саласына қаншалықты әсер етуде, біз қаншалықты заман ағысына ілесе алып жатырмыз? Көрменің мақсаты сол. Биылғы көрменің жаңалығы – продакшн компаниялардың қатысуында. Олардың жаңа жобаларын халыққа таныстырып, продакшн студиялар бір-бірінің жұмысымен таныссын деген ой болды.

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде 

Вячеслав ЛАЗАРЕВ, «VideoArt» продакшн компаниясының директоры

Біз медиа нарықта 15 жылдай жұмыс істеп келеміз. «Kazakh TV» арнасының тапсырысына орай 100-ден аса табиғат пен онда мекендейтін жан-жануарлар туралы фильмдер түсірдік. Көрермендерге Қазақстаннның бай және әдемі табиғатын көрсету үшін экспедициялар ұйымдастырып, фильмдер жасадық. Мақсат – табиғаты көрікті Қазақстанның қойнауы тарихқа бай әдемі жерлері мен жойылып бара жатқан аңдарын зерттеп, олардың тіршілігін көрсету.  Аң-құсты тек қана хайуанттар бағынан емес нағыз мекені – табиғат аясынан көру керектігін түсіндіргіміз келеді. Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан, Марқкөль, Тарбағатай, Саржас, Алматы таулары, Іле Алатау мемлекеттік қорығы,  Көлсай секілді жерлерді зерттедік.

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде 

Мирболат АЮПОВ, «ҚазМедиа Орталығы» компаниясының бас директоры

«Қазмедиа Орталығы»  «Media Expo 2015»  көрмесінің стратегиялық əріптесі болды жəне біз оған өте қуаныштымыз. Көрменің «ҚазМедиа Орталығында» өтуі – перспективаға жол ашып отыр, көрменің осы ғимаратта өтуі дəстүрге айналды десек болады. Шараның тағы бір маңызды тұсы – бүгін телеарналар өзара тəжірибе алмасып, өзге де БАҚ өкілдері жаңалықтарын жария етіп жатыр. Көрме жұмысы жемісті болсын.

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге 20-дан астам БАҚ және медиа саласының майталмандары қатысуда. Олардың арасында «Хабар», «Қазақстан», «Қазконтент», «Мир» секілді ірі медикомпаниялармен қатар, «ҚазАқпарат», «Айқын», «Литер», «Егемен Қазақстан», «Айғақ», «Қазақстан Заман», «Қазақ газеттері» және т.б газет-сайттары бар.

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде

Көрмеге сондай-ақ «Қазконтент» АҚ да қатысып, өз таныстырылымын жасады. «Қазконтент» АҚ – Қазақстанның интернет және медиа саласындағы негізгі компаниялардың бірі. Компания 2009 жылы құрылған. Бүгінде «Қазконтент» АҚ еліміздегі ақпараттық кеңістіктің белсенді бөлігі бола отырып, 8 интернет-жобаны жүзеге асырып келеді. Интернет-жобалардың 4-ақпараттық, 4-тақырыптық. Компанияның миссиясы – ұлттық контент (мазмұн) жасау және интернет желісінің қазақстандық бөлігін дамыту. Компанияның барлық жобасы еліміздегі интернет пайдаланушыларға ең жылдам, әрі анық ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін құрылған.

 Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде

Астанада «MEDIA EXPO-2015» көрмесі өтуде


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға