Жаңалықтар

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

«Көрме» орталығында қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс жөніндегі «Kazakhstan Security Systems-2015» ІІ халықаралық көрмесі өтуде.
10.09.2015 12:52 5485

Астанадағы «Көрме» орталығында қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс жөніндегі «Kazakhstan Security Systems-2015» ІІ халықаралық көрмесі өтуде. Көрмеге нысандарды қорғауға арналған кешенді техникалық жабдықтар мен азаматтық қорғанысқа арналған құралдар, өрт сөндіруге арналған автоматты модульдер, замануи бейнекамералар мен қорғаныс қызметіне лайықты көліктер қойылды.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Көрмені ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті сондай-ақ Астана қаласының әкімдігі, «Астана-Экспо КС» компаниясы ұйымдастырып отыр. Қаупсіздік және азаматтық қорғаныс тақырыбына арналған көрмеге Германия, Италия, БАӘ, Ресей, АҚШ, Франция, Швейцария, Швеция, Қытай, Беларусь секілді елдердің белді компаниялары мен еліміздің бірқатар отандық өнімдері қойылыпты.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

«Time security» күзет агенттігі Шымент қаласынан келіпті. Күзет саласындағы қызметін 2012 жылы бастаған агенттік сенімді қызметке керекті материалдық-техникалық базамен толықтай қамтамасыз етілген. Мәселен, қарумен күзету, кәсіби радиобайланыс, жылдам әрекет жасайтын мобильді топ, замануи автокөліктермен жабдықтау, орталықтан бақылау тетігі секілді қызмет түрлері қарастырлған.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Байжан Болат, бас директор

Бүгінгі көрмеге «Time security» күзет агенттігінің мүмкіншіліктері мен қауқарын көрсету мақсатында алғаш рет қатысып отырмыз. Мәселен, мына автокөлік жедел топ қызметіне арналған ұтқыр көлік. Сауытты автокөліктеріміз де бар. Біздің мекемеде жұмыс істейтін азаматтар арнайы оқытылып, даярлықтан өтеді. Біз сапалы әрі жылдам, сенімді қызмет түрін ұсынамыз. Дабыл жүйелері, бейнебақылау, радио байланыс, мобильді топ қысқаша қайырғанда қауіпсіздік қызметіне қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Көрмеге өз өнімдерін әкелген француз компанияларының өртке қарсы құрал-жабдықтары мен детекторлары, роботехника, сауытты көліктері ерекше назарға ие болды.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Дельфин Самфие, менеджер

Біз бүгінгі көрмеге «Gicat» кәсіби бірлестігінің атынан қатысып отырмыз. «Gicat» – бұл  азаматтық қорғаныс саласында жұмыс жасайтын франциялық 200-ге жуық компаниялардың басын тоғыстырған үлкен брлестік. Көрмеге он шақты өндіруші компаниялардың өнімерін алып келдік. Көрме шеңберінде біз екі полиция маманын ертіп келдік, біреуі мобильді полиция болса, екіншісі өртке қарсы қызмет мекемесінің полициясы болып табылады. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тренинг өткізеді. Бірлестіктің мақсаты – осы ұйымға кіретін компаниялардың өнімін жарналамалап, түрлі көрмелерге қатысуға мүмкіндік жасау. Біздің мақсатымыз – 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» көрмесі қарсаңында өз тәжірибемізбен бөлісіп, қауіпсіздік саласындағы қызмет түрлеріміз бен өнімдерімізді ұсыну болып табылады. Бұл өте ірі әрі әлемдік деңгейдегі шара болғандықтан, қауіпсіздік қызмет түрі  маңызды деп ойлаймыз.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Француздық «Атос» компаниясы кибер қауіпсіздікке арналған жасырын тыңдау аппараттарын әкелген. Компания өкілдері: «Бұл әрине соңғы жаңалық деп айта алмаймыз, бұл өнімдер әлемнің өзге елдерінде қолданыста бар, тексерілген, сапалы, сенімді өнім болып табылады. «ЭКСПО-2017» секілді бұқаралық шара барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге аса керек өнім болғандықтан алып келдік», – дейді. Сондай-ақ көрмеде француздық компаниялар ұсынған лазерлік құрылғы болды. Ол – лазерлік және оптикалық көздеу сызығын анықтай алады. Мәселен, снайпердің көздеген жолағын айқындап бере алады. Келесі бір компания стихиялық жағдайда қиындыққа тап болып, тірі қалған адамдарды тауып беретін құрылғыны ұсынып отыр.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Кевин Лин, «Yli electronic (ASIA) LTD» компаниясының өкілі

Біз нарықта 10 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Өнімдеріміз әлемнің 100-ден астам елдеріне жеткізіледі. Біз электронды құлыптар мен магниттік құлыптар, магнитті бекіткіштер өндіреміз.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Көрме сөрелерінде орын алған «АлмаДК» ЖШС-нің өнімдері назар аудартпай қоймады. Мекеме 1998 жылы құрылған.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Мақұлбек Нұржан, «АлмаДК» ЖШС-ның директоры

Бұл отандық өнімдерді Қарулы Күштерге қарасты әскери бөлімдер мен  құқық қорғау органдарына, банк секторлары, өзге де мемлекеттік маңызды нысандар үшін өндіреміз. Мәселен, дыбыс шоқ гранаталары, түтін және  газды гранталар, түрлі-түсті түтінді дабыл белгілеріне арналған  заттарды шығарамыз. Өнімдерімізді Қазақстаннан өзге Қырғызстан, Украина, Өзбекстан секілді елдерге экспорттаймыз.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Көрменің тағы бір жаңалығы деп – «Консэл» компаниясы ұсынған өрт сөндіруге арналған модульдерді айтуға болады. Көрмеге алғаш рет отандық өнімддерін ұсынған компания Алматы қаласынан келген.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Дмитрий Петров, дамыту бөлімінің жетекшісі

Біз осы жылдан бастап өрт сөндіруге арналған модульдер өндіре бастадық. Бұл бренд «Файрекс» деп аталады. Бұл өнімдерді Қазақстанның кез-келген аймағында пайдалануға рұқсат беретін сертификаттарымыз бар. Біз тұтынушыларымызға екі түрлі өнім ұсынамыз, бірі – қабырғаға ілетін  түрі болса, келесісі – целиндрлі өнім құрылғы болып табылады.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Анастасия Хабылбекова, менеджер

Біз «Сайга» фирмасының өкілдеріміз. Біздің компания 17 жылдан астам кісен, таяқша (дубинка), тоқ соқтыратын құрылғы, пышақтар, өзін қорғауға арналған газ толтырылған құты, жарық түсіретін құрылғы (фонарик), маскировкаға арналған жамылғы секілді өнімдер шығарады.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Осы өнімдердің ішінде газ толтырылған құтыға тоқталатын болсақ, оны кез-келген азамат пен азаматша арнайы рұқсатсыз сатып ала алады. Оған рұқсаттаманың қажеті жоқ. Бағасы 1300 теңге.

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Астанада «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесі өтуде

Көрме аясында сапа стандартының эталонына айналған «Vicorinox» компаниясы ұсынған әйгілі швейцариялық әскери пышақтар таныстырылды. «Kazakhstan Thuraya» спутниктік байланыстың ұлттық әрі бірегей провайдері – Қазақстан Республикасында IEC TELECOM сауда маркасымен танылған «DARIN TEL» ЖШС-нің замануи құрал-жабдықтар жұрт назарына ұсынылды.

Көрме 11 қыркүйекке дейін жалғасады.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға