Жаңалықтар

Астанада «food and fashion» фестивалі өтті

Тамақ пен сән әлемінің соңғы жаңалықтары ұсынылған жиынға он мыңдаған тұрғын қатысты
29.08.2016 08:57 3348

27-28 тамыз күндері Астанадағы «Арай» саябағында «Astana food and fashion» фестивалі өтті. Тамақ пен сән әлемінің соңғы жаңалықтары ұсынылған жиынға он мыңдаған қала тұрғыны қатысты.

Астанада «food and fashion» фестивалі өтті

«Фестиваль бірнеше аймаққа бөлінген. «Тамақ фестивалі бірнеше аймақтан тұрады, «Астаналық» аймақта ас үйге арналғанның бәрі бар, «Көк-базар» секторында 20 отандық өндіруші табиғи өнімдерін ұсынаса, «Жерұйық» секторында стрит-фуд саласындағы қызықты стартап-жобаларды болды. Осы жоба арқылы адамдарға фастфуд пен стритфудтың айырмашылығын жеткізбекпіз. Дұрыс тамақтанып, тек сапалы өнімдерді ғана жеу керек. Сондай-ақ, бұл отандық шағын және орта бизнесті қолдаудың бір түрі», - дейді Astana food and fashion festival басты ұйымдастырушысы Әлия Сапарова.

Pop Up Shop Astana аймағында қонақтарға дизайнерлік киім-кешектер, әшекейлер, интерьер заттары жәрмеңкесі ұсынылды. Спорт сүйер қауым үшін кроссфит-алаңы жасалса, «Кинотеатр» секторында қазіргі заманғы фильмдер көрсетіледі. Одан бөлек «Чиллаут» аймағында жайлы ортада қонақтарға ыстық кофе таратылды.

Сондай-ақ, Астана қаласының серіктесі статусын алу үшін кәсіпорындар ұсынатын қызметтерінің сапасы да бағалаудан өткізілді. Бағдарлама көрме өткеннен кейін де жұмыс істемек. Бағдарлама аясында серіктестердің қызметтерінің сапасын мониторингтеу, жаңа серіктестерді тарту ісі жүзеге асырылады.

Астанада «food and fashion» фестивалі өтті

Астанада «food and fashion» фестивалі өтті

Астанада «food and fashion» фестивалі өтті

Астанада «food and fashion» фестивалі өтті


   Фото: «Starfest»компаниясының жеке архивіне тиесілі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға