Астанада «Біз + Мы» қазақ-орыс жастар форумы өтті
Жас адам оқуды аяқтаған кезде еңбек нарығына шыққан бетте не істейді? Мүмкін, ол табысқа жету үшін жеке жолын іздеу барысында белсенді болуы тиіс. Бұл арада жұмыс табу немесе өз ісін бастау туралы сұрақ туындайды.
Алайда , қай жолды таңдамаса да көптеген мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер жетерлік. Өзін-өзі анықтау барысында жас адамға қалай көмектесуге болады? Осы және басқа да сұрақтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Астанада өткен «Біз+Мы» қазақ-орыс жастар форумының қатысушылары жауап берді.
Шын мәнінде, бұл ортақ проблема және ешқандай шекаралар жоқ. «Жастар. Бизнес. Мансап» ток-шоу шеңберінің диалог форматында, Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдарының өкілдері жастар ұйымдарының жобаларын, жастарға ұсынылған мүмкіндіктері туралы баяндап берді. Балдахов Ұлан , Жас Отан жастар қанатының өкілі, «Сәтті қадам» және «Жастар кадрлық резерві» танымал жобалары туралы орыс әріптестеріне айтып берді. Кезекте, Сушко Валентин «Ресей Студенттік топтардың» басшысы, жастарды жұмыспен қамту қызметінің нәтижелерін жариялады.
Сәбитов Айдын, Қазақстан Жастар конгресінің директоры, іс-шараның нәтижесі қыркүйек айында Сочи қаласында XII аймақаралық Ресей – Қазақстан форумының аясында өтетін ІІІ Жастар экономикалық форумына ұсыныстар берілетінін жариялады. Сондай-ақ, қатысушылар жұмысшылар мен студенттер үшін өзара жастар ресурстық орталықтары арасындағы қызметкерлердің алмасуы, байланысы, форумның қызметіне қатысуы туралы келісті.
Іс-шара Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық және аймақаралық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2012 – 2017 жылдардағы іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.