Жаңалықтар

Астанада «Бейбітшілік кернейі» әскери-музыкалық фестивалі өтеді

Әскери музыка
06.06.2016 06:55 4320

Елордада алғаш рет әскери оркестрлердің «Бейбітшілік кернейі» атты  фестивалі басталады.  

Бүгіннен бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің әскери үрмелі оркестрлері «Бейбтшілік кернейі» ІІІ халықаралық фестиваліне қатысу мақсатында Астанаға келе бастады.

Астанада «Бейбітшілік кернейі» әскери-музыкалық фестивалі өтеді

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдері әскери музыканттарының ғаламат байқауына Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы әскери оркестрлерінің жеке құрамы қатысады.

«Бейбітшілік кернейі» фестивалі шеңберінде елордалықтар мен қала қонақтары ШЫҰ мүше мемлекеттерінің музыкалық мәдениетімен танысып, өзге елдердің ұлттық мәдениетіне, әлемдік музыка мәдениетіне араласа алады.

Ертең, 7 маусым күні ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залында бэнд-марафон басталады. Оркестрлер музыкалық бағдарлама ұсынады.  Атап айтқанда, Қытайдың Ұлт-азаттық армиясының әскери оркестрі, Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Орталық Армия үйінің әскери-көрсетпелі оркестрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетпелі оркестрі, ҚР ҚК ҰӘПО орталық әскери оркестрі, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық әскери оркестрі және Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі коменданттық полкінің әскери-үрмелі оркестрі.

Астанада «Бейбітшілік кернейі» әскери-музыкалық фестивалі өтеді

Сағат 20.00-де елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда плац-концерті бар концерттік бағдарлама басталады.

Фестиваль 8 маусымда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының алдында ғаламат плац-концертпен аяқталады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері әскери оркестрлерінің музыкалық аспаптағы жанды дауыстағы орындауларын барлық қала тұрғындары мен қонақтары тыңдай алады.  ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрінің музыканттары қазақтың ұлттық әуендеріне аса мән беріп, сазгерлеріміздің танымал музыкалық шығармалары мен қазақтың халық әндерінен попурри ұсынғанын естеріңізге сала кетейік.


Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға