Жаңалықтар

Астанада жылу беру маусымы қашан аяқталады

Астанада жылу беру маусымы қашан аяқталады
Фото: Pixabay.com 31.03.2025 20:11 367

Астана қалалық әкімдігі елордада жылу беру маусымы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дегенмен әкімдік нақты күнді атаған жоқ.

Қалалық мәслихаттың 2014 жылдың 27 маусымындағы «Жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары туралы» шешіміне сәйкес, ауаның орташа температурасы бес тәулік бойы +10 градустан жоғары болса, Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жылу маусымын тоқтату туралы шешім қабылдайды, - делінген мәліметте.

Естеріңізде болса, былтыр жылу беру маусымы 19 сәуірде аяқталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға