Астанада жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады
Астанада жыл соңына дейін тағы 9 жаңа мектеп ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәлім етті.
Осы жылдың соңына дейін тағы 9 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың сегізі – Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер, тағы біреуі – жеке мектеп. Аталған тоғыз мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Мәселен, Есіл ауданында 4 мектеп орналасады, Нұра ауданында – 3 мектеп, Алматы ауданында – 2 мектеп. Қаланы аралау барысында бірқатар оқу орнының құрылысымен таныстым. Бұл мектептердің арқасында 3 ауысымды 4 мектептің және тығыздалығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешіледі, - деді мегаполис басшысы.
Айтуынша, оқу жылының басында біз 15 жаңа мектеп ашылған. Жаңа мектептердің арқасында 3 ауысымда оқыту жүргізілген 5 мектептің және тығыздылығы жоғары 4 мектептің қиындығы шешілді деп отыр.
Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, - деп жазды елорда әкімі.