Жаңалықтар

Астанада жыл басынан бері тұрғын үйдегі өрттен 12 адам көз жұмды

Астанада жыл басынан бері тұрғын үйдегі өрттен 12 адам көз жұмды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 02.12.2023 15:31 911

Елордада өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті бірлесіп өткізген бұл арнаулы тексеру жұмысына «Amanat» партиясының «Жастар рухы» қанатының еріктілері де қатысты. Олар 4 топқа бөлініп Алматы ауданындағы қонақ үйлердің, жатақханалардың өрт қауіпсіздігін, тосын жағдайларға төтеп беру дайындығын тексерді.

Тексеру барысында өрт қауіпсіздігіне немқұрайды қарған кәсіпкерлерге ескерту жасалып, түсіндіру жүргізілді.
Өрттен сақтану жайлы жадынамалар таратылып, тосын жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндіріледі.

Астанада өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмысы ұдайы жүргізіп келеді. Биыл тамыз айынан бері өрт қауіпсізідігін сақтау қызметкерлері 31 мыңнан асатам тұрығын үйді аралап, тілсіз жаудың алдын алуға қатысты сауаттық білімдерді түсіндірген.

Биыл жыл басынан бері Астанада 549 өрт тіркелді. Өткен жылдармен салыстырғанда өрт оқиғалары азайғаны байқалады. Дегенмен тұрғындар да, кәсіпкерлер де барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмеуі керек. Биыл бас қаламызда тұрғын үй аумақтарында 223 рет өрт оқиғасы болып, 12 адам қаза тауып, 27 адам жараланған, 38 адам ыс-түтектен зардап шеккен. Сондықтан жатақханалар, шағын қонақ үйлер болсын, ең алдымен, өрт қауіпсіздігін сақтауға ерекше көңіл бөлуі керек. Өрт бола қалған жағдайда белгі беретін дабыл жүйесінің болуы айырықша маңызды, – деді Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мадияр Мырзакелдиев.

Рейд барысында Алматы ауданындағы 20 шағын қонақ үйге тексеру жүргізілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегі бойынша, бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша ресми түрде 229 қонақ үй мен 80 хостел жұмыс істейді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті алдағы уақытта осы орындарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жүргізеді. Аула аралау кезінде полиция өкілдері мен төтенше жағдай қызметінің мамандары жатақхана және басқа да коммерциялық қызмет үшін пайдаланылатын тұрғын үйлерге ерекше назар аударды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға