Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді
![Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді](/storage/storage/element/2025/02/09/mainphoto/141734/1200xauto_EPtagOZFq3MqGucqHLLGAB5pTTwFzY9pR4jqPiqE.png)
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады.
Жұмысшы мамандықтары қаласының қонақтары арнайы тақырыптық көшелерді аралап, таныса алады: тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және тағы басқа.
Бірнеше күн бойы түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап жобалардың таныстырылымы, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары және тағы басқа көптеген іс-шаралар өтеді.
Фестивальге кіру тегін. Күн сайын сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін ашық. Мекен-жайы: «EXPO» Халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік ел, 53/1
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)