Жаңалықтар

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қандай көшелер жабылды

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қандай көшелер жабылды
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 17.05.2024 19:42 777

Астананың жолдарын жөндеу бойынша 17 мамырдағы жағдай белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты толығымен жабылған көшелер тізімін ұсынды:

- Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін (дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) (балама жолдар – көпір астында, Тұран даңғылы, Қазақ радиосы көшесі – 1 маусым төменгі қабатта қозғалыс қамтамасыз етіледі);

Тұрғын алаптардағы көшелер:

- Титов көшесі – Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;

- Шақпақ көшесі – Бейсеков көшесінен Байсейітов көшесіне дейін;

- Сұлукөл көшесі – Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;

- Келешек көшесі – Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейін;

- Жарсуат ауылы – Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Жалил көшесіне дейін;

Ішінара жабылған көшелер:

- Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады);

- Сарайшық көшесі Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс Түркістан көшесінен Тайбеков көшесіне дейінгі, Тайбеков көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде – екі бағыттағы Тараптардың бірі бойынша толық қамтамасыз етілген.

Бүгін, 17 мамыр күні кешке қозғалыс ашылады (төменгі қабатта қамтамасыз етіледі);

- Б. Момышұлы даңғылынан Мәңгілік Ел және оң жағындағы Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығына дейінгі учаскедегі «Арқар» көпірі. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да сол жақта қамтамасыз етілген.

Жол төсемінің төменгі қабаты төселген (қозғалыс ашық):

- Ж. Тәшенев көшесі – Республика даңғылынан Амман көшесіне дейін;

- Ж. Тәшенев көшесі – Бараев көшесінен Тәшенев көшесіне дейін;

- Тұран даңғылы – Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін (2023 жылы Тұран даңғылымен Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілді);

- Земляничная көшесі – Бейбарыс Сұлтан көшесінен Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейін;

- Қарталы көшесі – Тілендиев даңғылынан Ақан сері көшесіне дейін;

- Игілік көшесі – Жаңажол көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін;

- Е. Брусиловский көшесі – Иманов көшесінен Кенесары көшесіне дейін;

- Ардагерлер көшесі – Шұғыла көшесінен Бабатайұлы көшесіне дейін;

- Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығы (оң жақ съездерде төменгі қабат төселген).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға