Жаңалықтар

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты көше жабылды

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты көше жабылды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 21.04.2025 13:23 123

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр даңғылынан Мәскеу көшесіне дейінгі учаскеде Сарыбұлақ көшесіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 21-28 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға