Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылды

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
14.07.2023 13:20
930
Астанада Керей Жәнібек хандар көшесінде, сонымен қатар Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшесінің қиылысында оң жақ съездерде орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 15-19 шілде аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Керей Жәнібек хандар көшесі бойында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Ал Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшесінің қиылысында учаске 14-17 шілде аралығында толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Екі аяғынан айырылған Айсұлудың жанкешті тағдыры
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды