Астанада жол жөндеу жұмыстары басталды

Ауа райының жылынуымен елордада жолдарды жөндеу және салу жұмыстары басталды. Биыл қаланың жол инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасы аясында 60-тан астам көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жұмыстар жол төсемінің сапасын қалпына келтіру мен жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігі мен тұрғындардың емін-еркін жүруін арттыруға бағытталған.
10 сәуірден бастап мына көшелерде жөндеу жұмыстары басталады:
- Алаш тас жолының бойы, 69 көшеден 191 көшеге дейін;
- Қорғалжын тас жолының бойы, Тұран даңғылынан 128 көшеге дейін;
- Сығанақ көшесі Қабанбай батыр даңғылынан көлік айрығына дейін (өткен жылы жұмыстар Ш. Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жүргізілген);
- тұрғын алаптарда – Жаңақоныс, Қарталы, Фахт бен Абдул Азиз, Герцен, Ш.Бөкеев және т. б.
Жөндеудің негізгі кезеңдерінің бірі шұңқырлы тұстар мен маршруттық жолдар болады. Ол жабынның зақымдануын түзетуді, жол жағдайын жақсартуды және автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілуде.
