Жаңалықтар

Астанада жол бойында тұрған көлікті айдап кеткен тұрғын ұсталды

Астанада жол бойында тұрған көлікті айдап кеткен тұрғын ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.12.2023 13:15 804

Өзгенің жол бойында тұрған көлігін заңсыз айдап кеткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана тұрғыны полицияға хабарласып, оның түнгі уақытта Әл-Фараби көшесінде жол бойында қалдырған автокөлігін белгісіз біреудің айдап алып кеткендігі туралы арызданған.

Жас жігіт автокөлік есігінің ашық қалғандығын пайдаланып, рөлге отырған. Сымдарды жалғау арқылы көлікті оталдырып, ол оқиға орнынан бірнеше шақырым жүріп, қиылыстардың бірінде автокөлікті қалдырып кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаға қатысты ер азаматты анықтады.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға