Астанада ЖИ негізінде қауіпсіздік жобасы іске асуда

Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы елордада қалалық ортаны басқару үшін озық цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жасалған жаңа шарт бойынша қалалық жүйелердің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған Smart City саласындағы инновациялық жоба іске асырылып жатыр.
Қазіргі уақытта қалада 700 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді, оның ішінде желілік учаскелер мен қиылыстарда 6 000 камера, сондай-ақ 4 000 жалпы бейнебақылау камерасы және Астана қаласы ПД жедел оперативті орталық басқармасына интеграцияланған 3 000 бөгде камера бар.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа жобасы аясында қолданыстағы инфрақұрылымды одан әрі пайдалану, сондай-ақ оны модернизациялау және кеңейту көзделген.
Жоба 2030 жылға дейін есептелген және Presight AI Ltd. компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр, G42 халықаралық холдингіне кіретін ашық компания – жасанды интеллект және ауқымды мәліметтерді талдау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.
Жобаның қуаттылығы: 14 мың жалпы бейнебақылау камерасы, 8 000 интеграцияланған бөгде камера және 1202 ЖЖЕ бойынша бұзушылықтарды тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.
Жобаның негізгі мақсаты жасанды интеллектіні қолдана отырып, видеоталдау жүйесіне қосыла отырып, 100 мыңнан астам жалпы бейнебақылау камерасын қосу арқылы қаланың цифрлық сыңарын құру болып саналады, бұл нақты уақыт режимінде ықтимал қауіптерді анықтауға және әрекет етудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба бойынша шамамен 53 млрд теңге тікелей инвестиция көзделген. Ерекше айта кетерлігі, жоба жеке серіктестің өз қаражаты есебінен толық қаржыландырылады, бұл ретте қазақстандық компаниялардың қатысуы жұмыс көлемінің 60%-ын құрайды.
