Жаңалықтар

АСТАНАДА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНДАР ТУРАЛЫ КІТАПТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

АСТАНАДА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНДАР ТУРАЛЫ КІТАПТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
30.05.2019 15:07 2849

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1939–1945 жж.» деректі жинағынының ІІІ томы мен «Лев Премиров: Карлаг суретшісінің әңгімесі» кітабының тұсауы кесілді.

Іс-шара саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» X халықаралық форумның аясында ұйымдастырылды.

photo_2019-05-30_09-59-19.jpg

«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов атап өткендей, көрме 1939-1945 жылдардағы Қазақстанға жер аудару тақырыбын қамтиды. 

photo_2019-05-30_09-59-18.jpg

ҚР Президенті Архивінің директоры Жәмиля Әбдіқадырова «Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1939–1945 жж.» деректі жинағын ұсына отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен жарық көрген үшінші томда сыртқы саяси және ішкі саяси импульстерден туған әлеуметтік-этникалық және этникалық депортациялар жарияланғанын атап өтті.

Оның айтуынша, жинақтың ерекшелігі – депортациялық науқанды бастан кешкендердің ұрпақтары мен куәгерлерінің естеліктері енгізілген. Бұл оқиғаны басқаша баяндайтын он сегізден астам естелік, яғни «ресми құрғақ құжаттар емес, фактілер, атап айтқанда бір отбасының, бір буынның өмірлік тарихы» құрайды. Сондай-ақ алғаш рет Қазақстанға депортацияланған кампаниялар кестесі жасалды.

photo_2019-05-30_09-59-25.jpg

«Кітаптың таралымы мың дананы құрайды, олар барлық республикалық кітапханаларға, облыстық мемлекеттік архивтерге, тарих факультеті бар ұлттық жоғары оқу орындарына таратылады», – деді Жәмиля Әбдіқадырова. 

photo_2019-05-30_09-59-17.jpg

Саттар Мәжитов атап өткендей, кітаптың құндылығы – ол Қазақстанға жер аудару қисынына байланысты циклдің аяқталуына алып келеді, бірақ «депортацияланған халықтардың тағдыры бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді».

«Лев Премиров: Карлаг суретшісінің әңгімесі» атты кітаптың тұсаукесері барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңеісінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков кітап кейіпкерінің тағдыры туралы әңгімеледі.

Лев Премиров он жеті жастағы жасөспірім кезінде зардап шеккен суретші, философ, ақын болатын, ол көркем училищеде оқыды. Жолдастарымен бірге газет дүңгіршегін қопарғаны үшін он жеті жылға Карлагқа түсті.

photo_2019-05-30_09-59-35.jpg

«Ол саяси сенімсіздіктің салдарынан өз жұмыстарын жариялай алмады және өзінің кітабын біреулер шығарса деп армандады. Міне, қырық бір жыл өткен соң бүгінде ол оқырмандардың игілігіне айналуда», – деді Нұрлан Дулатбеков.

Жер аудару тарихы мен Қазақстан аумағындағы Сталин лагерьлерінің тақырыбы жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, жақында ғана зерттеле бастағаны және алғашқы зерттеулер 1997 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының қабырғасында манаш Қозыбаевтың бастамасымен басталғаны туралы «Қоғамдық келісім» РММ директоры айтып берді.

«Осы жылдар ішінде Қазақстанға жер аударылғандар санының нақты сандық нұсқасы жоқ және мәселе әлі де зерттелетін болады», – деді ол.

Спикер тарихи шындық пен ақиқат – бұл ғылым мен болашақтың ісі, ал бұл үдеріс Лев Премировтың кітабы сияқты деректермен толықтырылуы тиіс екенін атап өтті.

photo_2019-05-30_09-59-34.jpg

«Тек белгілі бір адамның тағдыры арқылы ғана жалпыұлттық, қоғамдық тарих құруға болады», – деп қорытындылады сөзін Саттар Мәжитов.

Басылымның тұсаукесер рәсімі соңында «Баға жетпес сый» акциясы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» РММ атынан еліміздің отыздан астам кітапханаларына жиырма кітаптан тұратын құнды басылымдар табыс етілді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға