Астанада Жеңіс күніне орай жеңіл атлетикалық эстафета ұйымдастырылады

9 мамыр күні таңертең елорданың Триатлон саябағында Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Жеңіс күніне арналған жарысқа жалпы білім беретін мектептердің 1000-ға жуық оқушысы мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
Эстафетаға қатысушылар 10 кезеңнен тұратын 2200 м қашықтықты бағындыруы керек. Олар Триатлон саябағында басталып, сол орында мәресіне жетпек.
Эстафетаның мақсаты - ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету және жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ЖОО және ЖОО студенттері арасында бұқаралық спорттық іс-шараларды дамыту болып отыр. Бүгінде бұқаралық іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі және қатысушылар саны артып келеді.
Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медальдармен, командалық кубоктармен және дипломдармен марапатталатыны айтылды. Ал аталған іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырғалы отыр.
