Астанада жекелей дистанцияда конькимен жүгіруден ел чемпионаты басталды

Бүгін Астанадағы Alau мұз сарайында жекелей дистанцияда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Чемпионат 2023-2024 жылдар аралығындағы жарыс маусымына спортшыларды іріктеу туринирі саналады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ересектер, халықаралық жарыстарға, Әлем кубогының кезеңдеріне, сондай-ақ Қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.
Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт министрі Е.Маржықпаев қатысып, турнирге келген спортшыларды құттықтады, жарысты ұйымдастыруға атсалысқандарға алғыс білдірді.
Чемпионатқа еліміздің 7 облысынан 183 спортшы қатысады: Абай, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, СҚО мен ШҚО және республикалық маңызы бар 2 қала - Астана және Алматы.
Айта кетейік, қысқы Олимпиадада барлығы 114 медаль жиынтығы ойналады. Конькимен жүгірушілердің ұлттық федерациясына кіретін спорт түрлері- шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және конькимен сырғанау спорты бойынша 28 медаль жиынтығы қарастырылған.
Коньки жарысы - қысқы спорттың басым түрлерінің бірі саналады. Сондықтан да біздің министрлік оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырумен, қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етумен, сондай-ақ Қазақстанда халықаралық және республикалық жарыстарды ұйымдастырумен және өткізумен белсенді айналысып келеді. Спортшыларымызға жарқын жеңістер тілеймін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
