Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Астанада Байқоңыр ауданында Қарағанды көшесінің бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде жиһаз, үй заттары мен есік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бұл өз кезегінде газ баллонның жарылуына әкеліп, бөлмелер арасындағы қабырғаларды зақымдаған.
Сегіз адам өздігінше эвакуацияланып, олардың үшеуіне Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері шұғыл психологиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар ТЖД күштерімен есікті бөлшектеу арқылы 1966 жылы туған ер адам құтқарылып, ол жедел медициналық жәрдем қызметі қарағаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартты, - делінген мәліметте.
Өрт сөндірушілер 50 шаршы метр алаңды қамтыған қызыл жалынды сөндіріп, үш газ баллоны қауіпсіз аумаққа шығарылды
ТЖМ азаматтарды өте мұқият болуға және өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.