Жаңалықтар

Астанада жауынгерлік қызмет атқаратын сарбаздар көбейді

Астанада жауынгерлік қызмет атқаратын сарбаздар көбейді
Фото: Polisia.kz 29.07.2023 21:47 849

Ұлттық ұланның жаңа шақырылымының сарбаздары елордада қызмет ете бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, олар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, қала тұрғындары мен қонақтарын құқыққа қайшы және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғап, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Күн сайын жедел бригаданың мыңнан астам әскери қызметшісі – офицерлер, сержанттар мен сарбаздар екі ауысымда елорданың бес әкімшілік ауданында қызметке кіріседі.

Жауынгерлік қызметтің бірінші күні бөлім командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы Ержан Әбдіқалықов жас сарбаздардың қызметіне табыс тіледі.

Жауынгерлік қызмет кезінде бригаданың әскери қызметшілері үнемі қылмыс фактілерін ашып, қылмыскерлерді ұстайды. Ұландықтар азаматтарға жоғалған балаларын немесе басқа да туыстарын табуға жиі көмектеседі, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға