Жаңалықтар

Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығы құрылады

Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығы құрылады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 02.09.2024 11:48 573

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жасанды интеллект мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуі тиіс.

«Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырамын.

Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады, - деді Тоқаев.

Бұдан бөлек енді майнинг заңмен реттеліп, криптобиржалар ісі дамытылады.

Цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастырған жөн. Елімізде экономикаға қажетті электр қуатын өз керегіне шамадан тыс пайдаланатын, сөйте тұра салықты аз төлейтін кәсіпкерлер бар. Міне, осындайларды жөнге салу керек, - деді президент.

Сонымен қатар 2025 жылы аяқталатын Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасына да тоқталып, бұл жобаның еліміз үшін маңызы туралы сөз қозғады.

Сол арқылы мәліметтердің халықаралық арнасымен және трансшекаралық ағынымен байланысты цифрлық инфрақұрылым құра аламыз. Жалпы, телекоммуникация желілері мен дата-орталықтарын барынша жетілдіруге, киберқауіпсіздіктің әлемдік стандарттарын енгізуге және мамандарымыздың біліктілігін арттыруға қатысты жұмысты жалғастыру керек, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға