Жаңалықтар

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өтті

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өтті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.09.2024 15:00 443

 Астанада Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Шараға шекара қызметінің басшылығы, ардагерлері, сонымен қатар, сарбаздардың ата-аналары қатысып, мерекелік концертті тамашалады.

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өтті

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өтті

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өттіФото: Арман Мұхатов

Сондай-ақ, жас сарбаздар мен шара қонақтарының құрметіне әскери көрме ұйымдастырылды. Көрмеде мылтық, рация түрлері мен әскери киім үлгілері ұсынылып, қару-жарақ пен оның патрондарын шашып, қайта жинау тәсілдері көрсетілді.

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өтті

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өтті

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өттіФото: Арман Мұхатов

Салтанатты ашылуда сөз сөйлеген Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов: «Бұл - міндет қана емес, бұл – абырой мен парыз. Қарулы күштер қатарында қызмет ету сіздерден ерлік пен тәртіпті талап етеді», - деп жас сарбаздарға үндеу жасады.

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өттіФото: Арман Мұхатов

Мерекелік жиын мемлекеттік Әнұранды тындаудан бастауын алып, шараға жиналғандардың барлығы жүрек тұсын ұстап, әндете жөнелді. Мұның өзі жас сарбаздарға патриоттық рух беріп, қиыншылықтарға дес бермеуге шақырды. 

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өттіФото: Арман Мұхатов

Шекара қызметінің запастағы полковнигі, қазіргі шекарашы ардагерлер ұйымының мүшесі Абусарит Зұлқарнайұлы 24 жас сарбазды 100 жылдық тарихы бар Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасына жолдап отырғанын айтып өтті.

Шекара қызметінде қызмет атқарып, зейнетке шықтым. Қазір республикалық Застава тарландарының қоғамдық мүшесімін. Біз-ардагерлер, осы патриоттық жұмысты жалғастырып келеміз. Бүгінгі іс-шара жастарды әскери толықтыру, әскерге шығарып салу мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жұмысты Астана қаласы әкімшілігі және Қорғаныс министрлігі, шекара қызметінің офицерлері мен ардагерлері бірлесіп өткізуде. 24 жас сарбазды 100 жылдық тарихы бар Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасына жолдап отырмыз. Кеңес одағы кезінде қызмет еткен офицерлер мен шекарашылар жан-жақтан келіп, көңілдерін, ниеттерін айтып жатыр,-деп түсіндірді әскери қызметкер.

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өттіФото: Арман Мұхатов

Оның айтуынша, шара жастарды әскери қызметтен қорықпауға шақырып, құрметті қызмет екенін түсіндіруге бағытталады. Іс-шара аяқталған соң жастар Зайсан ауданындағы басқармаға жолданып, келген бетте 3 ай бойы әскери дайындық орталығында болады. Барлық қиындықтарға шыдас беріп, шекаралық әдістерді, әскери қызметтің қыр-сырын меңгереді.

Әскерге шақырылып жатқан азаматтар арнайы іріктеуден өтіп, шекара басқармасына жолдама алады. Бүгінгі әскерге аттанғалы отырған солдаттарымыз егеменді Қазақстанның сенімді қорғаушысы болады деп үміттенеміз, - деп түсіндірді Абусарит Зұлқарнайұлы.

Мадияр Жолжан – әскерге аттанғалы тұрған жас сарбаз. Ол қобалжу басым екенін айта отырып, басында оқуға түсу ниеті болғанын жасырмады.

Оқуға түсе алмай қалған жағдайда өз еркіммен әскерге барамын деген ой болды. Әкем шекара қызметінде жұмыс істейді. Әкемнің жолын қуу мақсатында мен де шекара қызметін таңдадым. Себебі елін, жерін қорғау -  әрбір жігіттің әскери борышы,-деді ол.

«Ешкімнен қорықпа, өзіңе сенімді бол. Отан алдындағы адал борышыңды өтеп кел» деген әкесінің ақыл-кеңесімен бөліскен сарбаз, әскерден соң оқуға түсуге ниетті екенін алға тартты.

Астанада жас сарбаздарды шекара қызметіне шығарып салу рәсімі өттіФото: Арман Мұхатов

Тәрбие үйден басталады. Ата-анасы баласына әскери қызметтен қорықпай, керісінше, құрметтеу маңыздылығын түсіндірсе, нұр үстіне нұр. Бастысы рухты болса, дене шынықтыруды өзіміз-ақ үйретіп аламыз. Жан-жақты азамат болып қалыптасады. Әскерге барып келген азаматтың ішкі сезімі қазық қаққандай мықты болады. Өмірден адаспайды. Өз жолын табады,-деп сендірді запастағы полковник.

Ол іріктеу жұмысы психолог қарауынан басталатынын түсіндіріп өтті. Себебі шекара қызметі басқа әскери қызметке қарағанда күрделі. Әскери қызмет барысында да психологтар солдаттармен тікелей байланыста болады.

Қызмет арасында дене шынықтыруға арналған іс-шаралар, мәдениетті бағдарламалар ұйымдастырылады. Бізде әскери ансамбль бар. Олар маңызды мереке күндері шекара отрядтарына өнерлерін көрсетіп, оларды бір серпілтіп алады,-деді ол.

Айта кету керек, әскери тәртібі мықты солдаттар «Шекара үздігі» медалімен марапатталады. «Жауынгерлік ерлігі» үшін медальдары, ордендері бар.

Офицерлер ғана емес. Солдаттар да осындай марапаттарға ие болады,-деп нақтылады шекарашы ардагерлер ұйымының мүшесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға