Астанада жас отбасылар үшін ерекше шеберлік сағаты өтті

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
15.06.2024 21:18
500
Елордада Әкелер күніне орай жас отбасылар үшін қыш құмыра жасау бойынша шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шеберлік сағаты «Отбасы – бақыт мекені» іс-шаралар кешенінің аясында ұйымдастырылды. Artumar орталығында өткен шеберлік сағатына 35 жастан аспаған ерлі-зайыптылар қатысты.
Шара отбасындағы ауызбіршілік пен сыйластықты арттырып, өзара түсінісу мен ортақ көзқарас қалыптастыруға бағытталған.
Шығармашылыққа толы шеберлік сағатында жас отбасылар өз қолдарымен құмыра жасауды үйренді.
Әкелер күнінің негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, мен «ынталы ата-ана болу» идеясын насихаттауға бағытталған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар аяқталды
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды